Бейжіңде Қазақстанның сотталған азаматтарын беру мәселелері талқыланды

535

Лю Чжицян қазақстандық дипломат көтерген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, Министрліктің құзыреті шеңберінде оларды одан әрі пысықтауға дайын екенін білдірді.

Бейжіңде Қазақстанның сотталған азаматтарын беру мәселелері талқыланды Фото: gov.kz

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Әділет министрінің орынбасары Лю Чжицянмен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар құқықтық саладағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберіндегі тараптардың өзара ықпалдасуын талқылады.

 Ш. Нұрышев ҚР мен ҚХР арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шарт шеңберінде тараптардың өзара практикалық ықпалдасуын күшейтуді ұсынды. Бұл құжат ҚР және ҚХР пенитенциарлық мекемелерінде жазасын өтеп жатқан екі елдің азаматтарын өзара беруді көздейді.

Лю Чжицян қазақстандық дипломат көтерген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, Министрліктің құзыреті шеңберінде оларды одан әрі пысықтауға дайын екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін тиісінше қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның Бейжіңдегі Елшілігі мен ҚХР Әділет министрлігі арасындағы өзара тығыз ықпалдасуды жалғастыруға келісті.

2015 жылдан бастап ҚР мен ҚХР арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартқа сәйкес қытай тарапы Қазақстанға ҚХР аумағында түрлі құқық бұзушылықтар үшін мерзімін өтеген еліміздің 15 азаматын берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу