Бейжіңде қол қойылған меморандум аясында Ақтөбеде 4 зауыт ашылады

802

Бейжіңде қол қойылған меморандум аясында Ақтөбеде 4 зауыт ашылады

Бейжіңде қол қойылған меморандум аясында Ақтөбеде 4 зауыт ашылады, деп хабарлайды  КазТаг. 
4 желтоқсанда Бейжіңде Ақтөбе облысының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру аясында аймақтар және қытайлық компаниялар арасында ынтымақтастық туралы 4 меморандумға қол қойылды. Құжаттар мұнайгаз саласы үшін химиялық өнімдер өндірісі ("Цихай" Шаньдунь  мұнай инженерлік компаниясы), геофизикалық және сейсмикалық барлау жұмыстары үшін электронды құрал жабдықтарды өндіру ("Сиань Лухай" геофизикалық технологиялар" компаниясы ), бұрғылау құралдары (Dongying Weima Petroleum Drilling Tool) салаларындағы, сонымен қатар тәулігіне 2,5  мың тонна цемент зауыты құрылысы (Sino-Harbor Construction Group гонконг компаниясы) жобаларын жүзеге асыруды көздейді.
Атап өткендей, ҚР-ның ҚХР-дағы елшілігі, "Kazakh Invest" ҰК" АҚ мен Ақтөбе облысы әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған шараға  Қытайдың 100-ден астам іскерлік ортасының өкілдері қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу