Бейжіңде құны 2,3 млрд доллар болатын Қазақстан-Қытай жобасы талқыланды

846

Бейжіңде құны 2,3 млрд доллар болатын Қазақстан-Қытай жобасы талқыланды

14 ақпан күні ҚР Қытайдағы Төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев "AVIC Securities" компаниясының бас экономисі Сю Вэйхунмен және "Өндірісті инвестициялау мен несиелендіру жөніндегі Қазақстан-Қытай қорының" гонконгтік, синьцзяндық құрылтайшыларымен кездесті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Тараптар Мемлекет басшысының Жолдауындағы Қытаймен бірлесіп Қазақстанда өндіріс ашу бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Осы әңгіме аясында "Жамбыл облысы аймағында таулы,-химия-металургиялық кешеннің құрылысы мен "Павлодар" еркін экономикалық аймағы" жобасын жүзеге асыру мәселесі сөз болды. Сю Вэйхун ұлттық валюталармен (теңге-юань) есептесу тетігі мен Шанхай және Қазақстан биржаларының әлеуетін пайдаланудың аса қажеттілігін атап өтті.

Өз кезегінде Нұрышев аталған жобаның Қазақстан мен Қытай арасындағы инновациялық технологияларды меңгеру, Қазақстанның экологиялық талаптарына жауап беретін жаңа өндірістерді ашу бағыттары бойынша өзара тиімді ынтымақтастықтың үлгісі болуы мүмкіндігін атап өтті. Айта кетейік, жобаның құны 2,3 млрд долларды құрайды. Серіктес ретінде Қытай тарапынан China Metallurgical Group Corporation, China Machinery Engineering Corporation және AVIC corporation компаниялары шығып отыр. ҚХР-на ұшақ өндірісінде қолданылатын титан диоксидін, кремний диоксидін, ванадий пентооксидін экспорттау жоспарланып отыр. Жоба 1100 адамды жұмыспен қамтиды деп күтілуде. Өндіріс инновациялық, шығыны төмен, экологиялық жағынан таза өнімдер арқылы жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу