Бейжіңде қысқы Олимпиаданың ашылу салтанаты өтеді

1225

Дүбірлі додада 34 қазақстандық спортшы бақ сынайды.  

Бейжіңде қысқы Олимпиаданың ашылу салтанаты өтеді

Бүгін Қытай астанасы Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Онда 7 спорт түрінен 109 медаль сарапқа салынады. Бейжің жазғы (2008 жылы) және қысқы Олимпиаданы қабылдаған алғашқы қала.

Эпидемиологиялық ахуалдың қиын болуына байланысты трибуналар 30% толтырылады. Осыған дейін Қытай билігі ойын билеттерін ашық сатудан бас тартқан. Оның орнына арнайы бағдарлама іске қосылды. Оның аясында әлемдің үздік спортшыларын жақыннан көру құқығын Қытай материгінің санаулы тұрғындары ие болды.

Олимпиадаға қатысатын ойыншылар күн сайын коронавирустың бар-жоғына ПТР-тест тапсырады. Спортшылар мен делегация мүшелері вирустың өршуіне жол бермеу үшін бөлек тұрады және тамақтанады.

Бейжіңдегі қысқы Олимпиаданың жабылу салтанаты 20 ақпанда өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу