"Қытай Коммунистік партиясының съезі – бүкіл партия мен барлық этностардың халқы заманауи социалистік елді құрудың жаңа жолына түскен сын сағатта өтетін өте маңызды форум", – деп жазды Синьхуа агенттігі.
Съезд мүшелері Орталық Комитетті сайлайды, ол өз кезегінде Саяси Бюро мен оның тұрақты комитетінің мүшелерін нақтылайды, ҚКП тәртіптік кеңес мүшелерін бекітеді.
ҚКП Орталық комитетінің бас хатшысы Си Цзиньпин үшінші мерзімге қайта сайланады деп күтілуде. Бұл оның 2023 жылы Бүкіл қытайлық халық өкілдері жиналысының сессиясында Қытай Халық Республикасының төрағасы болып қайта сайлануына жол ашады. Ол 2013 жылдан бері мемлекет басшысы болып келеді, ал 2018 жылы ҚХР Президентінің өкілеттігін екі мерзімге шектеуді алып тастау туралы конституцияға түзетулер қабылданды.
Қытай Коммунистік партиясының Жарғысында ең жоғары партиялық лауазымды иелену үшін мерзім қарастырылмаған.
Бақылаушылардың пікірінше, партияның орталық комитеті Саяси бюросының тұрақты комитетінен бірнеше адам, соның ішінде Қытай премьері Ли Кэцян кетуі мүмкін.