Бейжіңді шаңды дауыл басты

552

Қытайдың ұлттық метеорологиялық орталығы 2023 жылы шаңды дауылдарға байланысты елдің он аймағында қауіптің сары деңгейін жариялады. 

Бейжіңді шаңды дауыл басты Фото: Wikiway.com

Қытай астанасы Бейжіңде де сәрсенбі күні шаңды дауыл соғып, ауа райы қауіпсіздігінің "сары" деңгейі жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

21 наурыздан бастап Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының оңтүстік бөлігінде, Ішкі Моңғолия арында, Нинся-Хуэй автономиялық ауданында, Цинхай, Гансу, Шаньси, Хэбэй, Хэйлунцзян, Ляонин, Цзилинь провинцияларында және Пекин мен Тяньцзиньде құмды жел көтерілді.

Бейжіңде таңертеңнен шаңнан ештеңе көрінбей, қаладағы ғимараттар тұман арасында қалған. Ауа ластану деңгейі қаладағы көптеген аудандарда және қала маңында "ауыр" деп бағалануда.

Ауаның "халық денсаулығы үшін қауіпті" деңгейде ластануына байланысты Бейжіңнің Төтенше жағдай басқармасы тұрғындарға ашық ауада спорттық іс-шаралардан бас тартуды ұсынды.

Метеорологтар биылғы жылы құм мен шаңның көбеюін елдің солтүстігінде жауын-шашын мен қар жамылғысының болмауымен байланыстырады. Суық ауа келгенде, бұл аймақтарда құм көтеріліп, шаңды дауылдарға ұласқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу