Бейжіңде Ұлттық домбыра күні аталып өтті

428

Бейжіңде Лянмахэ өзенінің жағалауында Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстан мәдениет орталығы ұйымдастырған "Dombyra Party" мәдени акциясы өтті.

Бейжіңде Ұлттық домбыра күні аталып өтті Фото: gov.kz

Ашық аспан астында Құрманғазының, Абайдың, Әбдімомын Желдібаевтың шығармалары, сондай-ақ халық күйлері орындалды. Іс-шараға қазақстандық және қытайлық жас домбырашылар, студенттер, қазақ диаспорасының өкілдері, жергілікті тұрғындар қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Акцияның есте қаларлық сәттерінің бірі домбыра пәнінің оқытушысы Лю Хуэйдің жетекшілігімен өнер көрсеткен қытайлық балалардың орындауы болды. Жас музыканттар қазақ күйлерін орындап, домбыраға және Қазақстанның музыкалық мұрасына деген қызығушылық ел аумағынан тыс жерлерде де артып келе жатқанын көрсетті.

"Dombyra Party" акциясы Қытайда қазақ мәдениетін кеңінен насихаттауға және Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған. Бейжіңдегі Қазақстан мәдениет орталығы бұл іс-шараны жыл сайын өтетін дәстүрлі мәдени акцияға айналдыруды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу