Бейжіңдегі турнирде Елена Рыбакина тағы да жеңіске жетті

709

Қытайдағы турнир 8 қазанға дейін жалғасады.

Бейжіңдегі турнирде Елена Рыбакина тағы да жеңіске жетті Фото: olympic.kz

Бейжіңдегі (Қытай) WTA-1000 санатындағы турнирдің үшінші айналымында әлемнің 60-шы ракеткасы - ресейлік теннисші Мирра Андреева әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакинадан жеңіліп қалды.

Кездесу 2:6, 6:4, 6:1 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.

Ойын 1 сағат 51 минутқа созылды. Рыбакина бұл кездесуде он рет эйс жасап, екі қос қателікке жол берді және орындаған бес брейк-пойнттың төртеуін сәтті жүзеге асырды. Андрееваның есебінде екі эйс, екі  қос қателік және сәтті жүзеге асырылған үш брейк-пойнт бар.

Бейжіңдегі жарыстың келесі кезеңінде Елена Рыбакина Арина Соболенко (Беларусь) – Ясмина Паолинидің (Италия) бірімен ойнайтын болады. Қытайдағы турнир 8 қазанға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу