Соңғы тәулікте Қытай астанасында коронавирус жұқтырушылар саны 962-ге артты, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.
Ел аумағы бойынша барлығы 22 мыңнан аса адам науқастанған, оның ішінде 107 жанның жағдайы ауыр. 3,5 миллион тұрғыны бар Бейжіңнің Чаоян ауданы – вирус салдарынан ең қатты зардап шеккен аймақ. Жергілікті билік қала тұрғындарына үйлерінде қалуға кеңес берді. Себебі мектептерден бастап сұлулық салондары, мейрамхана, тренажер залдары, тамақтану орындары - түгел карантинге жабық. Бейжің тұрғындары биліктің бұл шешімін түсіністікпен қабылдауда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу