Bek Air: Компанияның пайдаланушы сертификатын тоқтату – өрескел қателік

1202

Тасымалдаушы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен көмек сұрады. 

Bek Air: Компанияның пайдаланушы сертификатын тоқтату – өрескел қателік

"Bek Air" компанияның пайдаланушы сертификатын тоқтату өрескел қателік деп есептейді, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан.

"Жазбаша түрде бізге сертификатты тоқтату туралы ешқандай ақпарат берілмеді. Бұны өрескел қателік деп есептейміз. Өйткені құзыретті орган пайдаланушы сертификатының жарамдылығын тоқтататын болса, пайдаланушы мен қызмет көрсетуші органды бірден хабардан етеді",– делінген компанияның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жолдаған хатында .

Сонымен қатар хатта  осы мәселе әуе билеттерін брондау жүйелерінде қосалқы операциялар жүргізуге кедергі келтіретіні жазылған. 

"Соған сәйкес билеттерді қайтару, қайта брондау және жолаушыларды басқа рейстерге отырғызу есебін жүргізу мүмкін емес",– делінген хатта.

Қалыптасқан жағдайға байланысты тасымалдаушы министрліктен пайдаланушы сертификатын қайтаруға көмек көрсетуді сұрайды. 

Естеріңізге сала кетсек, Bek Air компаниясының Фоккер 100 ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін оның пайдаланушы сертификаты тоқтатылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу