Bek Air компаниясы Решет Қалибектен тағы жеңілді

1129

Алматы облыстық соты да Bek Air компаниясының Алматы халықаралық әуежайының маңындағы ұшақ соғылған үйдің иесінің үстінен берген кезекті талап арызын қараусыз қалдырды, деп хабарлайды Atameken Business.

Bek Air компаниясы Решет Қалибектен тағы жеңілді

Әуе компаниясы Решет Қалибекті сотқа осы жылдың 26 қаңтарында берген болатын. Бұл жолы аппеляциялық шағымды Талдықорған қаласындағы облыстық азаматтық істер жөніндегі соты қарай бастаған. Сотта судья Талғар ауданында, соның ішінде ұшақ құлаған Гүлдала елдімекенінде жер телімдерін заңсыз сатты деген күдікке ілінген екі қылмыстық топқа қатысты іс тергеліп жатыр. Бұл істерге қатысты процессуалдық шешім қабылданбай, кінәлі тұлғаларды анықтау мүмкін емес. Сондықтан Bek Air компаниясының талап арызы негізсіз деп танылды. Енді Решет Қалибек Bek Air-дің өзін сотқа беретіндігін айтты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу