"Bеk Air" компаниясына қатысты сот отырысы өтті

711

"Bеk Air" АҚ Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының шешіміне апелляциялық шағым берген болатын.  

"Bеk Air" компаниясына қатысты сот отырысы өтті

Бүгін Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің "Bеk Air" АҚ әуекомпаниясына екінші арызы бойынша бірінші сот отырысы өтті, деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігі.

Комитеттің арызындағы талаптары "Bеk Air" А0,Қ-на қатысты жүзеге асырылған рейстерге билет сатып алған жолаушыларға ақшалай қаражатты өтеу туралы болып отыр. Үшінші тұлға ретінде осы процеске билет сатқан "Авиата" агенттігінің өкілі де қатысты. Бұдан басқа, Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің өтініші бойынша сот отырыстарына прокурор мен "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ өкілі қатысады.

Жалпы тұтынушылар комитеті 301 билет сатып алған 151 азаматтың мүддесіне қызмет етеді. Бұл жерде талап-арыз сомасы 10,5 млн теңгені құрап отыр. Комитетке өтініштер әлі де түсуіне байланысты бұл сома ұлғаюы да мүмкін.

Айта кетейік, "Bеk Air" АҚ Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының шешіміне апелляциялық шағым берген болатын. Онда сот азаматтарға қаражатты өтеу туралы Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің арызын қанағаттандырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу