BEK AIR ұшағының апаты: Бұрынғы шенеуніктер кінәсін мойындады

868

Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған маңдағы жер телімінің заңсыз сатылғаны белгілі болды.  

BEK AIR ұшағының апаты: Бұрынғы шенеуніктер кінәсін мойындады

Бүгін сот отырысында Алматы облысының жер мәселесіне жауапты бұрынғы 5 шенеунігі өз кінәсін мойындады, деп хабарлайды Atameken Business.

Олар қызмет бабын асыра сілтегені үшін айыпталып отыр. Ал үй иесі мен шенеуніктерді байланыстырған делдал әзірге өзін кінәлі деп есептемейді. Бұған дейін Bek Air өкілі  "жер үй болмағанда, құрбандар болмайтынын еді" деп мәлімдеген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан Bek Air ұшағы былтыр 27 желтоқсанында таңертең апатқа ұшырады. Лайнер Алматы әуежайына жақын маңдағы жер үйге соғылып бары, тоқтаған. Бортта 93 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 12 адам қаза тапты.

135 адамның өмірін қиған жойқын жарылыстан кейін Бейрут портының бірнеше қызметкері күдікті ретінде үй қамаққа алынды. Алдын ала болжам бойынша апат алты жыл бойы қоймада сақталған аммоний нитратының тұтануынан болған. Жергілікті кеден қызметінің басшысы химиялық заттардан қауіп төнетінін бірнеше мәрте ескерткендерін айтып ақталуда. Ал Бейрут портын жемқорлық жайлағаны жөнінде осыған дейін де жиі айтылған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу