"Bek Air" ұшағының апатына байланысты тергеу аяқталды

183

4 мыңнан астам тергеу әрекеттері жүргізілді. 

"Bek Air" ұшағының апатына байланысты тергеу аяқталды Фото: gov.kz

Прокуратураның хабарлауынша, төрт мыңнан астам тергеу әрекеттері, 150 сот-медициналық сараптама және арнайы зерттеулер жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

"Прокуратура Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бельгия, Германия, Люксембург, Нидерланды сияқты шет елдерден құқықтық және техникалық ақпарат алды. Қазір процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеу материалдарымен танысып жатыр", - деді прокуратура.

Айта кетейік, ұшақ апаты 2019 жылдың 27 желтоқсанында болды. Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 жолаушылар ұшағы көтерілмек болған кезде екі қабатты ғимаратқа соғылған. Экипаж командирін қосқанда 13 адам қаза тауып, 69 адам түрлі жарақат алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу