BEK AIR ұшағының апатынан зардап шеккендерге 23 млн теңге өтемақы төленді

1171

Былтыр 27 желтоқсанда апатқа ұшыраған Бек эйр ұшағының бортында болғандардың 23-і Алматы тұрғыны.    

BEK AIR ұшағының апатынан зардап шеккендерге 23 млн теңге өтемақы төленді

Алматыда Бек эйр ұшағының апатынын зардап шеккендерге 23 млн теңге өтемақы төленді, деп хабарлайды Atameken Business.

Бұл туралы қаладағы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының өкілдері мәлімдеді. Айтуларынша, өтемақы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің тізімінде тұрған 23 адамға аударылған.  Әр қайсысына 1 млн теңге қала бюджетінен төленді.

Мемлекет басшысы барлық жапа шеккендерге өтемақы төлеуді тапсырған болатын. Айтпақшы, жуырда қайтыс болған Бек Эйр ұшқышының отбасына да өтемақы беру мәселесі қарастылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу