Bek Air ұшағының апатынан зардап шеккендерге 23 млн теңге төленді

752

Әрқайсысына 1 млн теңге қала бюджетінен төленді.

Bek Air ұшағының апатынан зардап шеккендерге 23 млн теңге төленді

Алматыда Bek Air ұшағының апатынын зардап шеккендерге 23 млн теңге өтемақы төленді. Бұл туралы қаладағы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Айтуларынша, өтемақы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің тізімінде тұрған 23 адамға аударылған. Әрқайсысына 1 млн теңге қала бюджетінен төленді.

Айта кетейік, былтыр 27 желтоқсанда апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының бортында болғандардың 23-і Алматы тұрғыны. Мемлекет басшысы барлық жапа шеккендерге өтемақы төлеуді тапсырған болатын.

Айтпақшы, жуырда қайтыс болған Bek Air ұшқышының отбасына да өтемақы беру мәселесі қарастылып жатыр.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу