"Bek Air" ұшақ апатына қатысты тергеу қайта басталады

118

Құзырлы министрлік ақпаратты растады.  

"Bek Air" ұшақ апатына қатысты тергеу қайта басталады Фото: Максим Морозов

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев "Bek Air" әуекомпаниясы ұшағының апатына қатысты сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

"Өкінішке қарай, авиация саласында мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Түпкілікті шешімді табу қиындап кетеді. Авиациялық апаттарды зерттеу ұзақ уақытқа созылады. Қазір барлық құжат дайындалып жатыр", – деді министр.

Тілшілер "Демек тергеу бола ма?" деп нақтылады.

"Иә", – деп қысқа қайырды Нұрлан Сауранбаев.

Айта кету керек, "Bek Air" ұшағы 2019 жылдың 27 желтоқсанында апатқа ұшырады. Алматы түбінде Fokker-100 ұшағының экипажы мен диспетчердің соңғы сөздері жазылған таспа жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу