Bek Air ұшақ соғылған үйдің қожайынын сотқа берді

930

Әуе компаниясы қайғылы оқиғаға байланысты ғимарат иесін жауапқа тартуға ниетті.  

Bek Air ұшақ соғылған үйдің қожайынын сотқа берді

Bek Air ұшақ соғылған үйдің қожайынын сотқа берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Решет Қалибек 21 ақпан күніне сотқа шақырту алғанын жариялады. Өз кезегінде  баспанасыз қалған азамат жер телімін берген әкімдіктің қызметкерлері жауапқа тартылуы керек деп отыр.

Айтуынша, апаттан кейін Талғар ауданының әкімдігі 25 млн теңге көлемінде шығынды өтеп беруге уәде берген. Алайда, артынша шенеуніктер ғимарат құрылысын заңсыз деп танып, алғашқы уәделерінен тайыпты. Қаперде болса, жаңа жыл қарсанында болған әуе апатынан 12 адам қаза тапқан еді. Оқиғадан кейін Bek Air компаниясының жұмысы белгісіз мерзімге тоқтатылды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу