"Бек Эйр" әуе компаниясына шағым білдіруші азаматтардың саны артты

833

Әу баста тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің өкілдері сот арқылы 37 миллион теңгені өндіріп алмақ еді, енді оның мөлшері 51 млн теңгеден асты.  

"Бек Эйр" әуе компаниясына шағым білдіруші азаматтардың саны артты

"Бек Эйр" әуе компаниясынан билет ақшасын өндіріп алмақ болған азаматтардың саны артты, деп хабарлайды Atameken Business.

Шағым түсірген жолаушылардың саны 560–тан 890-ға адамға дейін жетті. Айта кету керек, 2 сағатқа созылған  онлайн сот отырысы кезінде үшінші тараптың да пайда болғаны анықталды. Сот, жолаушыларға билет сатқан Авиата компаниясына азаматтардың ақшаларын қайтарып беруді сұраған болатын. Алайда компания өкілдерінің өздері Бек эйрдан қажетті қаражатты ала алмай отырғандығын мәлімдеді. Тіпті билет сатқан мекеменің де әуе компанияға шағымдары бар екені белгілі болды.

Бұдан бөлек Авиата барлық билеттерді тікелей Бек Эйрдан емес, оған тиесілі өзге бірнеше компаниялардан сатып алып отырған. Кезекті сот процессі 19 маусымға белгіленді. Онда тараптардың пікірталасы болмақ. Көп ұзамай аталған оқиғаға қатысты нақты сот шешімі де шығуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу