Бек Эйр жолаушылары үшін Нұр-Сұлтан - Алматы пойызы жолға шығады

1153

Алдыңғы күні Bek Air әуе компаниясының 100-ге жуық рейсі тоқтатылды.          

Бек Эйр жолаушылары үшін Нұр-Сұлтан - Алматы пойызы жолға шығады

Апаттан кейін қызметі тоқтатылған Бек Эйр жолаушылары үшін Нұр-Сұлтан-Алматы қатынасы бар қосымша пойыз іске қосылады, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.

Пойыз 2019 жылдың 30 желтоқсанында сағат 22: 03-те "Нұр-Сұлтан-1" станциясынан кетіп, Алматы-2 станциясына 2019 жылғы 31 желтоқсанда 17: 30-да келеді, делінген баспасөз хабарламасында.

Пойыз 16 жаңа вагоннан тұрады, билеттерді теміржол вокзалдарының кассаларында және тасымалдаушының www.bilet.railways.kz веб-сайтында сатып алуға болады.         

Алдыңғы күні Bek Air әуе компаниясының 100-ге жуық рейсі тоқтатылды.         

Хабарланғандай, жұма күні Алматы маңында Fokker-100 апатқа ұшырағаннан кейін, Қазақстанның авиация билігі Bek Air және Fokker-100 жұмысын уақытша тоқтатты.

Еске сала кетсек, жұма күні таңғы сағат 07.05-те  №Z2100 рейсі радардан жоғалғаны туралы хабарланған болатын. Сағат 07.22-де "Бэк Эйр" әуе комипаниясының ұшағы Алматы–Нұр-Сұлтан бағытында ұшып шығып, биіктікті сақтай алмай, қос қабатты ғимаратқа соғылғаны белгілі болды.  

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, 12 адам қаза тапты, оның ішінде әуе кемесінің командирі Марат Мұратбаев, 67 адам жарақат алды. Ұшақтың бортында 93 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған.

Үкіметтік комиссия алдын ала қорытындыларды 10 қаңтарға дейін ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу