Бек Нұрмағамбет Бразилия боксшысынан жеңіліп қалды

753

Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасының өкілдері алғашқы жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Olympic.kz.   

Бек Нұрмағамбет Бразилия боксшысынан жеңіліп қалды

86 келіде сынға түскен Бек Нұрмағамбет бірінші кездесуінде бразилиялық Кено Мачадомен кездескен болатын. 

Жекпе-жек толығымен Бразилия боксшысының басымдығымен өтті. Нәтижесінде, төрешілер 5:0 есебімен жеңісті Мачадоға берді. 

Осылайша, Бек әлем чемпионатының алғашқы айналымынан аса алмады. Айта кетелік, Бек Нұрмағамбет 81 келі салмақта 2019 жылғы Азия чемпионы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу