Бекболат пен Арыстанбекке неге шара қолданылмады?

1879

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Денсаулық сақтау министрлігі өкілдеріне шенеуніктердің тойға барғаны туралы сұрақ қойылды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.  

Бекболат пен Арыстанбекке неге шара қолданылмады?

"Қыркүйекте депутат Бекболат Тілеухан, бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар және өнер жұлдыздары көпшілік қауым жиналған тойға барғаны белгілі болды, олар түскен фото желіде жарияланды. Той карантин шектеуіне қарамастан Ақмола облысы "Балқарағай" демалыс аймағында өткен. Бұл жағдайда қатысушылар мен ұйымдастырушылар тарапынан карантин ережесін бұзушылық тіркелді ме?" – деп сұрады Азаттық радиосының журналисі.

Сұраққа Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова жауап берді.

"Қолданыстағы заңнама бойынша, жауапкершілікке тартудың өзіндік алгортимі бар. Оған сәйкес, ереже бұзылғанын бірінші мониторингтік топ тіркеп, құжат толтыруы керек, содан кейін барып шара қолдану үшін санитарлық-эпидемиологиялық қызметке беруге тиіс. Сіз айтқан факті бойынша бізге ешқандай материал келмеді. Бұл мәселе туралы журналистер хабарлағаннан кейін демалыс аймағының иесіне, полицияға және мониторингтік топтарға хабарластық, олар мұндай іс-шара өтпеді деп жауап берді. Сондықтан бұл мәселе бойынша кімді болса да жауапқа тартуға негіз жоқ", – деді Есмағамбетова.

Ол "қолданыстағы заңнама бойынша, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен келген материалдармен біреуді жауапкершілікке тартуға болмайды, оның өзіндік алгоритмі бар" дегенді қоса кетті.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу