Бекболат Тілеуханның үйленуіме себепкер болғаны рас – депутат Геннадий Шиповских

695

Алтынай есімді қазақ қызын жар етіп алуына себепші болыпты.

Бекболат Тілеуханның үйленуіме себепкер болғаны рас – депутат Геннадий Шиповских

Бекболат Тілеухан алғаш қызметке келгенімде "үйленгенсің бе?" деп сұраған. Әлі бойдақ екенімді естіп, үйленетін уақыт келді деген. Көп ұзамай жас депутатқа ағасы таңдап жүріп, Алтынай есімді қазақ қызын жар етіп алуына себепші болыпты.

"...Сұрауы бар" YouTube арнасындағы "Qazaq bol" бағдарламасының кезекті қонағы болған Геннадий Шиповских Бекболат Тілеуханды қолдайтын азаматтың бірі екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Мен жалпы Бекболат ағаны өте қатты сыйлаймын. Ол кісіні мойындау керек Қазақстанның шын мәнінде еңбек сіңірген қайраткері десек артық айтқандық емес. Жыраушылардың, ақындардың мәдениеттің жаңғыруына үлкен бір үлесін қосқан азамат. Менің білетінім, Бекболат ағаның Қазақстан тарихындағы, оның ішінде мәдениет саласындағы өзінің орны ерекше деп нық тұрып айта аламын. Иә, ондай жағдайлар болды. Қызметке жаңа келіп жатқанда бірде Бекболат аға "осы сен үйленгенсің бе?" деп сұрады. "Жоқ, бірақ ойымда бар" дедім. Үйленетін уақыт келді деді әзілдеп. Содан кейін ол кісімен етене араласып кеттім", – дейді депутат.

Сұхбаттың толық нұсқасы мына сілтемеде: youtube.com.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу