БекЭйр ісі бойынша сот процесі қиындықпен жүріп жатыр

800

Авиабилеттерді сату жөніндегі агенттер Бекэйрге талап қою бойынша процеске қатысқан жоқ.  

БекЭйр ісі бойынша сот процесі қиындықпен жүріп жатыр

Бүгін Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында "Бек Эйр" АҚ авиакомпаниясының күші жойылған рейстерінің тұтынушыларына билет құнын қайтару ісі бойынша кезекті процесс өтті.

Бұған дейін хабарланғандай, авиакомпанияға тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (ТҚҚК) талап-арызбен жүгінді.

Процестің басында жауапкер өкілі 2019 жылдың желтоқсанында "Бек Эйр" АҚ ұшағының апатқа ұшырауы туралы қылмыстық тергеу аяқталғанға дейін істі қарауды кейінге қалдыруға өтініш білдірді. ТҚҚК бұл өтінішті қолдамады, сот қанағаттандырудан бас тартты.

КҚК қолдаухатының негізінде авиабилеттердің нақты құнын белгілеу мақсатында сот үшінші тұлға ретінде авиабилеттерді сату агенттерін тартты: Aviata, Chocotravel, Santufei, Probilet, Tickets, Transavia, Travel express, Biletix, "Travel Lux" туристік компаниясы, "Otrar Travel" авиатурагенттігі. Алайда, осы ұйымдардың өкілдері бүгінгі күні процесске келген жоқ.

Бұған дейін ТКҚК сотқа пайдаланылмаған билеттер үшін тұтынушыларға 300 млн.теңге төлегенін растайтын дәлелдемелерді талап етуге өтініш білдіргеніне назар аударамыз, ол туралы жауапкер мәлімдеген. Бірақ авиакомпанияның өкілі осы уақытқа дейін Растауды ұсынбады.

Сонымен қатар, ТКҚК жауапкерде бар сатылған билеттердің сомасы туралы мәліметтерді талап етуге сотқа өтініш жасады. Сот тиісті сұрау салды, алайда жауапкер бұл деректерді ұсынбады.

ТКҚК өтініші бойынша сот "Бек Эйр" АҚ-ның билеттерін сату жөніндегі агенттерге комиссиялық алымдарсыз және агенттердің басқа да сервистік қызметтерін ұсыну туралы сұрау салады.

Бүгінгі күні ТКҚК барлығы 729 өтініш берушінің мүддесін білдіреді, олар 47,8 млн.теңге сомасына 1364 билет сатып алды.

Келесі отырыс 2020 жылдың 11 маусымы сағат 10.00-ге белгіленді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу