"БЕКІРЕ-2017" балық қорғау акциясы жалғасуда

1853

 "БЕКІРЕ-2017" балық қорғау акциясы жалғасуда

Жайық-Каспий бассейнінде бекіре тұқымдас және басқа да балықтар түрлерін сақтау шараларын күшейтуге бағытталған "БЕКІРЕ-2017" кең ауқымды балық қорғау акциясы жалғасуда. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Балық қорғау акциясы барысында заң бұзушылардан 60 тонна 342 кг астам балық, оның ішінде 1924,5 кг – бекіре тұқымдас балық, 11 кг – бекіре тұқымдас балықтар түрлерінің уылдырығы тәркіленді, 2885 бірлік аулау құралы мен 132 жүзу және көлік құралы алынды.

Браконьерлік фактілеріне қарсы әрекет ету мақсатында Жайық-Каспий бассейнінде Жайық, Қиғаш өзендері және Каспий теңізінің солтүстік жағалауы бойынша жоспарлы рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Балық ресурстарын қорғау жөніндегі іс-шараларды Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциялары, "Ақжайық" МТР, Көліктік бақылау иснпекциялары, ішкі істер органдары мен ҚР ҰҚК шекара қызметі жүзеге асыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу