"Бекіре-2022" акциясы барысында 20 тоннадан астам су маржаны заңсыз айналымнан алынған

569

Акция барсында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары құқық қорғау, табиғат қорғау органдарының және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 1 138 дерегін анықтады. Соның нәтижесінде 833 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Бекіре-2022" акциясы барысында 20 тоннадан астам су маржаны заңсыз айналымнан алынған

Сонымен қатар 54 іс сот органдарына жолданды. Браконьерлік, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату және сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды заңсыз пайдалану фактілері бойынша 53 қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп бұзушыларға 16,9 млн. теңге айыппұл салынды.

Заңсыз айналымнан 20 тонна балық алынды, оның ішінде 1764 кг бекіре тұқымдас балық түрлері алынып тасталды. Сондай-ақ, 555 бірлік балық аулау құралдары мен 119 бірлік су көлігі анықталды. Өзен арнасы мен теңіз акваториясын күнделікті сүзу жұмыстары нәтижесінде су айдындарынан жалпы ұзындығы 20 км-ге жуық 1 989 бірлік заңсыз балық аулау құралдары алынды.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 30 наурызда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Ішкі істер министрлігі мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті арасында бекіре және басқа да балық түрлерін сақтау, сондай-ақ олардың уылдырық шашуы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында "Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарында "Бекіре-2022" кең ауқымды балық қорғау акциясын өткізу туралы" бірлескен бұйрыққа қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу