"Бекіре-2023": Атырауда браконьерлерден құны 105 млн теңге болатын балық тәркіленді

689

Бағалы балық 4 қапқа салынған.

"Бекіре-2023": Атырауда браконьерлерден құны 105 млн теңге болатын балық тәркіленді Фото: ҚР Экология министрлігі

Атырауда қамыс арасынан браконьерлер жасырған 105 млн теңгенің бекіресі табылды. Төрт қапқа салынған бекіре тұқымдас бағалы балықтың салмағы 101 келіден асады, деп хабарлайды inbusiness.kz Экология министрлігі Балық шаруашылығы комитетіне сілтеме жасап.

Қамыс арасына жасырылған бағалы балық 20 мамырда табылған.

"Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының қызметкерлері 20 мамырда сағат 18:50-де "Бекіре-2023" кең ауқымды балық қорғау акциясы шеңберінде Жамбыл ауылы маңында рейдтік іс-шараныөткізді. Рейд кезінде Жайық өзенінің жағалауындағы қамыс арасынан жалпы салмағы 101,6 келі бекіре тұқымдас балық түрлері табылды. Бағалы балық 4 қапқа салынған", -деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі бірыңғай тізілімге тіркелген. Құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізеді.

"Балық ресурстарына келтірілген залал алдын ала есеп бойынша 105 млн 156 мың теңгені құрады. "Бекіре – 2023" кең ауқымды балық қорғау акциясы жалғасып жатыр", -деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу