"Бекіре де бар": Жетісуда заңсыз ауланған 127 келі балық тәркіленді

114

3 адам ұсталды.  

"Бекіре де бар": Жетісуда заңсыз ауланған 127 келі балық тәркіленді Фото: polisia.kz

Жетісу облысында полиция мен балық қорғау инспекторлары Қаратал өзенінде балықты заңсыз аулау дерегін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үштөбе – Көпбірлік автожолындағы рейд кезінде тіркемесі бар Audi-100 көлігі тоқтатылды. Көліктен Үштөбе қаласының 24, 25 және 41 жастағы үш тұрғыны болған.

Тексеру барысында автокөлік пен тіркемеден жалпы салмағы 127,1 келі балық тәркіленді. Оның ішінде сазан, жайын, ақмарқа, мөңке және мемлекет ерекше қорғауына алған бекіре тұқымдас балық бар.

Сонымен қатар ұзындығы шамамен 80 метр болатын төрт капрон ау, моторлы резеңке қайық, 15 қармақ, ілмектер, ескектер және екі аккумулятор алынған.

Тергеу мәліметінше, ер адамдар Қаратал өзеніне балық аулауға барып, тыйым салынған аулау құралдарын пайдаланған. Ауланған балықты автокөлікпен тасымалдаған.

Тәркіленген балық өлшеніп, жауапты сақтауға тапсырылды.

Қазір балық ресурстарына және мемлекетке келтірілген залал мөлшері анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу