Бекіре тұқымдас балықтардан уылдырық алу науқаны басталды

682

Маңғыстау облысы, Ақшұқыр ауылында "Kaz Osetter" зауытында аналық бекіре балықтардан уылдырық алу науқанының екінші кезеңі өтіп жатыр. 2022 жылдың наурыз айында бірінші науқаны өткен еді. 

Бекіре тұқымдас балықтардан уылдырық алу науқаны басталды Фото: google

“Уылдырықтар 250 аналық балықтан, оның ішінде бекіре, сүйрік, сібір бекірелерінен алынды. Қазіргі таңда консервіленіп, сатылымға шығарылып жатыр”-, дейді "Kazakh Osseter" кәсіпорнының директоры Тұрсынгүл Жақыпова.

Айта кетейік, уылдырық алынған балықтар бассейнге қайта жіберілді. Сонымен қатар оларға қажетті дәрумендер, екпелер салынғанын атап өткен жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу