Бекман Сойлыбаев кәсіпқой бокстағы 12- жеңісіне қол жеткізді

608

Бекман Сойлыбаев кәсіпқой бокстағы 12- жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев Бүкіләлемдік бокс кеңесінің титулын (WBC International екінші жартылай жеңіл салмағы) қорғап қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
27 жастағы Сойлыбаев 39 жастағы мексикалық Фернандо Варгасты төрешілердің бірауыздан берген шешімімен жеңді. Кездесу Лас-Вегаста өтіп, 10 раундқа созылды. Жекпе-жек Golden Boy Promotions бокс кешінің аясында АҚШ-тың жетекші телеарналарының бірі - ESPN арнасында көрсетілді.
Айта кетейік, жеңіліп көрмеген Сойлыбаев кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді. Варгас болса кәсіпқой бокстағы 33-ші кездесуін өткізіп, төртінші рет жеңіліс тауып отыр.
Ал бокс кешінің басты оқиғасы орта салмақта жұдырықтасатын пуэрториколық Габриэль Росадо (23-11, 13 КО) мен америкалық Глен Тапианың (23-4, 15 КО) арасында өтетін жекпе-жек болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу