Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Бекман Сойлыбаев келесі жекпе-жегін 29 сәуір күні Рамон Альварес пен Омар Чавестің андеркартында өткізеді, деп хабарлайды vesti.kz.
Ғаламат бокс кеші Мексиканың солтүстігінде орналасқан Чиуауа штатының Росарито қаласында өтеді. Әзірге жерлесіміздің қарсыласының есімі белгісіз. Менеджерлер оған лайықты әрі тәжірибелі қарсылас қарастырып отыр.
Айта кетейік, орта салмақтағы Рамон (24-5-2, 16 KO) мен Омар (35-3-1, 23 KO) – 6 мамырда Лас-Вегаста өзара кездесетін "Канело" мен Хулио Сезардың туған ағалары. 2014 жылы Рамон Альварес пен Омар Чавес Мексикада кездескен. Ол кездегі жекпе-жек Альварестің жеңісімен аяқталған.
Естеріңізге сала кетейік, WBC EPBC және WBA NABA чемпиондық белбеулерінің иегері Бекман Сойлыбаев бүгінде әйгілі жаттықтырушы Эрик Браунның қарамағында Лос-Анджелесте жаттығып жүр. Кәсіпқой бокста 10 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.