Жандарбек Бекшиннің айтуынша 2020 жылдың наурызындағы жағдаймен салыстырғанда биыл вирус жұқтырудың күрт өсуі байқалады.
"Қалада жыл басынан 26 сәуірге дейін 33 мың 230 жағдай тіркелді. Өткен жыл бойы 18 мың 500 жағдай тіркелген. Яғни, өсім 1,8 есе. Соңғы тәулікте 689 жағдай тіркелді", - деді спикер.
Бас санитар дәрігердің айтуынша қаладағы жағдай пессимистік болжамға жақындап келеді.
"Айта кеткім келетіні бізде жағдай пессимистік болжамға сай өрбуде. Алда 14 мың 500 жағдай тіркеледі деп болжап отырмыз. Сәуірдің үш аптасында 13 697 оқиға тіркелді. Біздің болжамымыз дұрыс келіп тұр", - деді Жандарбек Бекшин.
Айта кетейік, Алматы қаласы әлі де "қызыл аймақта".