Бектенов 1 желтоқсаннан бастап дихандарды қаржыландыру жұмыстарына кірісуді тапсырды

219

Бұл туралы 19 қарашада Үкімет мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Бектенов 1 желтоқсаннан бастап дихандарды қаржыландыру жұмыстарына кірісуді тапсырды Фото: primeminister.kz

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы 15 қарашада Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумы барысында айтылған Президент тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды.

Премьер-министр агроөнеркәсіптік кешенді нығайту және ауыл шаруашылығы саласын экономикалық өсудің көшбасшысына айналдыру жөніндегі Президент алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін бірқатар тапсырма берді.

"Агроөнеркәсіп секторының тұрақты дамуының негізгі факторларының бірі – қолжетімді несиелеу. Премьер-министр Ауыл шаруашылығы министрлігі мен "Бәйтерек" холдингіне тез арада өтінімдер пулын жинақтап, 1 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын сапалы жүргізу үшін дихандарды қаржыландыру жұмыстарына кірісуді тапсырды. Азық-түлік корпорациясы фермерлерден астықты қолайлы бағамен тікелей сатып алуды қамтамасыз етуі керек", – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар Премьер-министр биыл ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға бөлінетін жеңілдікті қаржыландыру көлемі едәуір ұлғайғанын атап өтті.

"Несиелеу тетігі есебінен 2 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші техника паркін жаңартуға мүмкіндік алды. Бұл ретте, техниканы жыл сайын 8-10% деңгейінде жаңартып отыру үшін жеңілдетілген лизингтік қаржыландыру көлемін ұлғайтып қана қоймай, құрастыру зауыттарында өндірісті локализациялау деңгейін арттыру қажет. Бұл – Өнеркәсіп, Ауыл шаруашылығы министрліктері мен "Бәйтерек" холдингінің міндеті", – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу