Бектенов ауыл шаруашылығында тыңайтқыш өндіру көлемін арттыруды тапсырды

171

Жыл басынан елімізде 936 мың тонна тыңайтқыш өндірілген.

Бектенов ауыл шаруашылығында тыңайтқыш өндіру көлемін арттыруды тапсырды Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов ауыл шаруашылығында тыңайтқыш өндіру көлемін арттыруды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тыңайтқыштың қанша пайызын біз өзіміз өндіріп жатырмыз?", – деп сұрады Премьер-министр Олжас Бектенов.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, оның 1 млн-ы, яғни 936 мың тоннасы өзімізде өндіріледі, ал қалғаны импортталады.

"Біз енді жылдан жылға көбейтіп жатырмыз ғой. Өндіру көлемін де арттыруымыз керек", – деп атап өтті Үкімет басшысы.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі ауыл шаруашылығында тыңайтқыш енгізу көлемі де жоспарлы түрде ұлғайып келе жатқанын айтқан болатын. 

"2026 жылдың 10 айында шаруалар 2,1 млн тонна тыңайтқыш енгізді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 400 мың тоннаға көп. Тыңайтқышқа сұраныстың артуы отандық өндірістің дамуына және тыңайтқыш шығару көлемінің ұлғаюына ықпал етуде. 2026 жылдың 10 айында 936 мың тонна тыңайтқыш өндірілді. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 4%-ға көп (2025 жылдың 10 айында – 896,4 мың тонна)", – деп атап өтті Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу