Бектенов автокөлікті техникалық байқаудан өткізу сапасын тиімді бақылаудың жаңа тетіктерін әзірлеуді тапсырды

187

Президент Жолдауын іске асыру мәселесі бойынша Үкімет отырысы барысында қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. 

Бектенов автокөлікті техникалық байқаудан өткізу сапасын тиімді бақылаудың жаңа тетіктерін әзірлеуді тапсырды Фото: PrimeMinister.kz

Қылмыс, атап айтқанда, алаяқтық, нашақорлық мәселелері өзектендірілді. Ішкі істер министрлігі алдына мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2 ай мерзімде қылмыспен, оның ішінде алаяқтықпен күрес бойынша қосымша шаралар кешенін әзірлеу міндеті қойылды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сондай-ақ есірткі қылмысына қарасы іс-қимыл және нашақорлықтың профилактикасы жөніндегі түзетулерді көздейтін заң жобасын ілгерілету жұмысын жандандыруы қажет.

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тағы бір міндет – жол-көлік оқиғалары санын азайту.

"Көлік министрлігіне зияткерлік жүйелерді енгізе отырып, қауіпсіз жол инфрақұрылымын құруды қамтамасыз етуді, сондай-ақ биылғы жылдың соңына дейін автокөлікті техникалық байқаудан өткізу сапасын тиімді бақылаудың жаңа тетіктерін әзірлеуді тапсырамын".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу