Бектенов: IT-хабтар мен венчурлік қорлар экономиканың басты драйверіне айналуы тиіс

183

Қазір салаға қатысты заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілі жатыр. 

Бектенов: IT-хабтар мен венчурлік қорлар экономиканың басты драйверіне айналуы тиіс Фото: gov.kz

Үкімет басшысы Олжас Бектенов цифрлық технологиялардың экономикаға қосатын үлесі мен ІТ-қызметтердің жергілікті үлесін арттырудың жолдарын атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекет басшысы 2029 жылы цифрлық технологиялардың экономикаға қосатын үлесін 1%-ға дейін, ал ІТ-қызметтердегі жергілікті үлесті кемінде 80%-ға жеткізу міндетін қойды. Оған қол жеткізуде IT-хабтар мен венчурлік қорлар басты драйверлерге айналуға тиіс. Кейінгі алты жылда Қазақстанда венчурлік қаржыландыру көлемі 6 есе артты. Ары қарай өсу үшін осы саладағы озық сарапшыларды тартуымыз керек. Бұл орайда білім беру бағдарламаларын дамытып, ірі бизнесті тарту және сауатты цифрлық инфрақұрылым құру жұмыстарына жете көңіл бөлу қажет", – деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында. 

Сондай-ақ Премьер-министр жасанды интеллектіні дамыту жоспары туралы айтты. 

"Қазір салаға қатысты заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілі жатыр. Келесі жылы Астанада жасанды интеллект орталығын іске қосу жоспарлануда. Цифрландыру министрлігі бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауы керек. E-commerce, BigData, GameDev, Fintech, MedTech пен басқа да серпінді жобалардың экспорттық әлеуеті жоғары. Олардың белсенді дамуы 2026-шы жылға қарай ІТ-өнімдер мен қызметтер экспортын 1 миллиард долларға дейін өсіруге ықпал етпек", – дейді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу