Бектенов: "Жұмыс істей алатындарды мемлекет асырамауы тиіс"

Премьер-министр депутат Сұлтанбек Мәкежановтың бюджет шығыстарын оңтайландыру туралы сұрағына жауап беріп өтті.  

Бектенов: "Жұмыс істей алатындарды мемлекет асырамауы тиіс" Фото: t.me/KZgovernment

Сенат отырысында Олжас Бектенов алдағы 3 жылдық кезеңге арналған бюджетті қалыптастыру шеңберінде базалық шығыстар 15%-дан 12%-ға дейін қысқартылғанын да мәлім еткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлбетте, әлеуметтік салада бюджетке елеулі жүктеме сақталуда. Премьер-министрдің сөзінше, әлеуметтік жәрдемақылар мен түрлі қолдау шарасы жалпы мемлекеттік бюджеттің 60%-ын құрап отыр.

– Республикалық бюджетте ұзақ уақыт бойы бұл шығындар 40%-дан аса болып келді. Үш жылдық бюджетті қалыптастыру кезінде біз аталған көрсеткішті 38%-ға дейін төмендете алдық, әлі де төмендетуге болады. Біз бұл жұмысты жалғастыра береміз.

Түрлі объективті факторға байланысты жұмыс істеуге және өзін қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ азаматтар ғана мемлекеттен әлеуметтік қолдау алатын болады. Жұмыс істей алатын адам жұмыс істеуі қажет. Мемлекет оларды қамқорлығында ұстамауы керек және ұстамайды да, – деп қадап айтты Олжас Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу