Бектөре Сұлтан Абай облыстық Полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды

937

Ол Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.

Бектөре Сұлтан Абай облыстық Полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды

Бектөре Сұлтан Абай облыстық Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Полиция департаментінің жаңа бастығын ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Саденов таныстырды. Бектөре Сұлтан бұл лауазымға ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен тағайындалды. 

Бектөре Сұлтан 1974 жылы 2 наурызда Шымкент облысы Түлкібас ауданы Ванновка ауылында дүниеге келген. 1995 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары мектебін, 2003 жылы ҚР ІІМ Академиясын бітірген. Білімі заңгер, ішкі істер органдарының басқару саласының магистрі.

Құқық қорғау органдарында 1991 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жұмыс істейді, қызметтік міндеттерін Оңтүстік Қазақстан облысы ІІБ тергеушісі қызметінен бастады. Қызмет еткен жылдары түрлі басшылық лауазымдарда, оның ішінде Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының ІІД бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. 

Министрдің орынбасары Ержан Саденов жаңадан тағайындалған басшыға жаңа өңірдегі қауіпсіздікті нығайту мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар міндеттер қойды, ведомство қызметінің ашықтығы мен айқындығына, халықтың құқық қорғау органының жұмысына сенім деңгейін арттыруға назар аударуды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу