Бекзад Нұрдәулетов Аммандағы лицензиялық турнирде топ жарды

609

Аммандағы іріктеу турнирінде финалдық жекпе-жектер аяқталуға жақын. 

Бекзад Нұрдәулетов Аммандағы лицензиялық турнирде топ жарды

Қазақстандық Бекзад Нұрдәулетов 81 келіде чемпион атанды деп хабарлайды Olympic.kz. Бекзад финалда австралиялық Пауло Аукусомен жұдырықтасқан болатын. Нұрдәулетовтің жойқын соққыларымен өткен кездесуде төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық боксшыға берді.

Аустралиялық боксшы кездесу соңында нокдаун алып, Бекзадтың мықтылығына жанкүйерлер тағы бір мәрте куә болды. Есеп - 5:0.  Бекзад Нұрдәулетов аталған турнирде Қазақстанға алғашқы алтынды сыйлап отыр.

Бүгін финалда жұдырықтасқан Зәкір Сафиуллин мен Әбілхан Аманқұл күмісті қанағат тұтқан болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу