Бекзат Нұрдәулетовке пәтер сыйланды

1492

Бекзатты кішкентай күнінен тәрбиелеген Жаңаөзен қаласындағы жаттықтырушысы Батырбек Жайлыбаевқа 3 миллион теңгелік сертификатты табысталды.

Бекзат Нұрдәулетовке пәтер сыйланды

Бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетовке пәтер сыйға тартылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін аймақ басшысы Серікбай Тұрұмов бокстан әлем чемпионы атағын алып, қазақ елінің абыройын асқақтатқан Бекзат Нұрдәулетовты және оның бапкерлерін қабылдады. Жиын кезінде облыс әкімі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын оқып, құттықтауын жеткізді. Өңір басшысы Бекзат Нұрдәулетовке сәттілік тілей отырып, Ақтау қаласынан екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Сондай-ақ, бапкерлерінің қосқан зор үлесін айрықша атап өтіп, Бекзатты кішкентай күнінен тәрбиелеген Жаңаөзен қаласындағы жаттықтырушысы Батырбек Жайлыбаевқа 3 миллион теңгелік сертификатты табыстады.

Ал осыған дейін әлем чемпионы атанған Ердос Жаңабергенов, екі дүркін олимпиаданың күміс жүлдегері атанған Әділбек Ниязымбетов сынды оғыландарды тәрбиелеген, Екатеринбург қаласында өткен додаға Бекзатты дайындаған қазіргі бапкері Марат Жәкиевке үлкен алғысын білдіре отырып, 5 миллион теңгенің сертификатын сыйлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу