"Бекзат Саттархановтың анасынан бата алдым": Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Олимпиада чемпионының шаңырағына барды

1894

Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Бекзат Саттархановтың анасынан бата алдым": Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Олимпиада чемпионының шаңырағына барды Фото: instagram.com/muhammedsabyr002

Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың шаңырағына барып, анасымен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол Олимпиада чемпионының алтын жүлдесін тағып суретке түсті.

"2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың шаңырағына келіп, анасынан бата алдық", - деп жазды Базарбайұлы.

Еске салсақ, қазақстандық олимпиада чемпионы, белгілі боксшы Бекзат Саттарханов 2000 жылы 31 желтоқсанда көлік апатынан қайғылы жағдайда қаза тапты. Оның денесі туған өлкесі Түркістандағы зират аумағына жерленді. Бүгінде даңқты боксшының құрметіне туған қаласы Шымкентте Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектебі  ашылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу