БелАЭС-тің екінші энергоблогы желіге сәуірде қосылады

514

Беларусь атом электр станциясының екінші энергоблогын желіге қосу сәуір айына жоспарланған.  

БелАЭС-тің екінші энергоблогы желіге сәуірде қосылады Фото: Белрынок

Бұл туралы БелАЭС мәселелері жөніндегі кеңесте Александр Лукашенко мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Бірінші атом электр станциясының құрылысы - ресейліктермен бірге жүзеге асырылған ең ауқымды әрі технологиялық жобалардың бірі. Оны жүзеге асыру үшін біраз тер төгілді", - деді ол.

Қазіргі таңда бірінші энергоблок пайдалануға беріліп, электр энергиясын желіге тұрақты таратуда. Лукашенконың айтуынша, бірінші блок іске қосылған сәттен бастап сағатына 12,5 млрд кВт-тан астам энергия өндірді, бұл 3 млрд текше метрден астам газды немесе ақшалай мәнде 400 млн доллардан астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді.

АЭС-тің екінші энергоблогы туралы айта келе, Лукашенко физикалық іске қосу жүріп жатқанын, ал осы жылдың сәуір айында желіге қосу жоспарланғанын хабарлады.

Беларусь Гродно облысында Ресейден несие алып, АЭС құрылысын жүргізіп жатқанын еске саламыз. Ол жалпы қуаты 2 400 МВт болатын екі энергия блогынан тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу