Беларусь әлемде алғаш болып ұлттық криптовалюта шығарды

1075

Беларусь әлемде алғаш болып ұлттық криптовалюта шығарды

Беларусьте таяуда "талер" атты ұлттық криптовалюта шығарылды, деп хабарлайды naryk.kz.

Оны құрастырушылардың қатарында беларусьтік экономистер, IT мамандары, журналистер бар. Олардың айтуынша, талер елдің ұлттық валютасы беларусь рубліне ешқандай байланбаған.

Талерді құрудағы мақсат елге барынша мол инвестиция тарту мен шағын және орта бизнеске көмектесу.

Криптовалюта қазір қолданысқа еніп кетті. Оның негізінде арнайы криптоәмияндар да ашылды. Валютаны алдағы уақытта экономикаға тереңінен енгізу жоспарланып отыр.

Талердің негізін қалаушылардың айтуынша, ол алдағы уақытта инфляцияны төмендетуге мүмкіндік бермек.

Талер биткойнның баламасы негізінде жасалған. Валюта орталыққа бағынбайды. Оның біріңғай эмиссиялық орталығы да жоқ. Валютаның шығарылымы қатаң шектелген, тек 23,3 миллионы ғана шығарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу