Беларусь алтын қорын бір жылда 1 тоннаға өсірді

914

Беларусь алтын қорын бір жылда 1 тоннаға өсірді

Беларусьтің алтын қоры 2016 жылы 39,1 тоннаға дейін артты. Елдің ұлттық банкінің мәліметтеріне сәйкес, 2016  жылғы 1 қаңтарда республиканың алтын қоры 38,1 тоннаны құраған. Сөйтіп,  ол өткен жылы 1 тоннаға артты, деп жазады "Интерфакс-Батыс".

Алтын қоры дегеніміз – бұл Беларусьтің ұлттық банкінің иелігіндегі әрі Беларусьтің бағалы металдар мен бағалы тастар мемлекеттік қорының бір бөлігі болып табылатын банктік құймалар түріндегі бағалы металдар. Алтын қоры резервтер қоржынын әртараптандыру қамтамасыз ете отырып,  алтынвалюта резерві құрамында резервтік актив ретінде қызмет етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу