Беларусь әскері дрондарды жоятын лазерлік қарумен толықты

623

Беларусь әскеріне дрондармен күресуге арналған және оларды жүздеген метр қашықтықтан жоятын "Шафран" лазерлік кешені енгізілді.

Беларусь әскері дрондарды жоятын лазерлік қарумен толықты Фото: mk.ru

Бұл туралы мемлекеттік әскери-өнеркәсіптік комитетінің төрағасы Дмитрий Пантус айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

"Қазіргі таңда біздің саладағы басты тренд, әрине, ұшқышсыз ұшу аппараттарымен күрес болып отыр. Бұл орайда белгілі бір табыстардың бар екенін атап өткен жөн. Мысалы, отандық өндірістің "Шафран" лазерлік кешені қарулануға сәтті қабылданды. Енді біз оның қуатын, қашықтығын және басқа да тактикалық-техникалық сипаттамаларын арттыру мақсатында жаңғырту жұмыстарын жалғастырып жатырмыз", – деді Пантус.

2025 жылдың қарашасында комитет "Шафранның" сынақтар кезінде тиімділігін дәлелдегенін хабарлады. Ведомство мәліметінше, бұл кешен радиолокациялық және оптикалық-электронды құралдар арқылы 4500 метрге дейінгі қашықтықта дрондарды анықтап, әуе кеңістігіне барлау жүргізуге қабілетті. Қуатты лазер 1500 метрге дейінгі қашықтықтағы дрондардың көзін жоя алатыны айтылды.

Қорғаныс министрі Виктор Хренин дронмен күресу құралдарының қажет екенін атап өтті. 

"Кезінде ойыншық ретінде ойлап табылған зат бүгінде ұрыс даласында өте сұрапыл қаруға айналды. Бүкіл әлем онымен күресудің жолын іздеп жатыр. Біздің ғалымдарымыз бен өндірушілеріміз де осы бағытта жұмыс істеп жатыр", – деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу