Беларусь әскери инспекторлары Ақмола және Қарағанды гарнизондарына инспекция жүргізді

377

Инспекция өзара түсіністік пен ынтымақтастық жағдайында өтті.  

Беларусь әскери инспекторлары Ақмола және Қарағанды гарнизондарына инспекция жүргізді Фото: gov.kz

Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжаты аясында Беларусь елінен келген әскери сарапшылар тобы Ақмола және Қарағанды гарнизондарында  инспекция жүргізді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Беларусь өкілдері Әскери-әуе күштерінің армиялық авиациясының тікұшағымен Ақмола және Қарағанды облыстарын айналып ұшып өтті. Сондай-ақ, инспекторлар елордалық десанттық-шабуылдау құрамасына және Қарағандыдағы авиация базасына да барды. еларусь тобы қазақстандық мамандардың жоғары кәсіби деңгейін атап өтті", - делінген ақпаратта.

Инспекторлар Қазақстанның қару-жарақты бақылау саласындағы халықаралық міндеттемелерді адал орындағанын атап өткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу