Беларусь билігі шетелдік өнімдерге қатысты жаңа тыйым салды

176

Беларусьте ел аумағына әкелуге және өткізуге тыйым салынған тауарлардың тізбесі кеңейтілді. 

Беларусь билігі шетелдік өнімдерге қатысты жаңа тыйым салды Фото: m.zerkalo.az

Бұл туралы Беларусь үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Енді Беларусьпен қарым-қатынасы үзілген не нашарлаған елдерден: жоғары қысымды полиэтилен, шиналар, OSB плиталары, фанера, ұсталыққа қажет ағаш өнімдері, қағаз және санитарлық-гигиеналық өнімдер, картон, шыны мақтасы және басқаларын жеткізуге тыйым салынады. Сонымен қатар, тізім Польша, Чехия, Литва, Латвия мен Эстониядан келетін тауарлармен толықтырылған. Оған сөмкелер мен чемодандар, тұсқағаздар, керамикалық плиткалар, санитарлық өнімдер, тоңазытқыштар, мұздатқыштар, кір жуғыш машиналар, жаялықтар қосылды.

"Қол қойылған қаулы — Еуропалық Одақтың 2024 жылғы 1 шілдеден бастап Беларуське қатысты санкцияларды кеңейту туралы қабылдаған шешімдеріне жауап", - деп түсіндірді Үкімет.

Жаңа қарсы санкциялар 2024 жылдың 15 қазанынан бастап іске қосылады.

Естеріңізге сала кетейік, Беларусь 2020 жылдан бастап батыстың қатаң санкцияларына ұшырады. ЕО қатынастарды қалыпқа келтіруден бас тартуына байланысты Минск жауап шараларын енгізуге шешім қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу