Беларусь ЕАЭО-да ғылыми дәрежелерді мойындау туралы келісімді ратификациялады

316

Ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды тексеру үшін жұмыс берушілер және мүдделі органдар ЕАЭО елдерінің құзыретті органдарына сауал жолдауға құқылы.  

Беларусь ЕАЭО-да ғылыми дәрежелерді мойындау туралы келісімді ратификациялады Фото: РИА Новости

Беларусь президенті Александр Лукашенко Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердегі ғылыми дәрежелерге қатысты құжаттарды өзара мойындау туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей үкіметтері қабылдаған келісім еңбек көші-қоны шеңберінде ғылыми дәрежелерге қатысты құжаттарды өзара мойындауға байланысты мәселелерді қарастырады. Олардың қатарында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес диссертацияны қорғау негізінде берілген философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежелері туралы құжаттар бар.

Ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды тексеру үшін жұмыс берушілер және мүдделі органдар ЕАЭО елдерінің құзыретті органдарына сауал жолдауға құқылы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу