Беларусь электрокөліктерді ЕАЭО елдеріне кедендік алымсыз енгізуді ұсынды

841

Қазіргі кезде бұл бағыттағы ұсынысты Еуразиялық экономикалық комиссия қарастыруда.

Беларусь электрокөліктерді ЕАЭО елдеріне кедендік алымсыз енгізуді ұсынды

Беларусь M1, M1G санатты жеңіл электрокөліктерді Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне кедендік алымсыз енгізуді ұсынды. Бұл құжат қазір Еуразиялық экономикалық комиссияда талқылануда. Егер кеңес аталмыш ұсынысты қабылдаса, кедендік алым 0% болады.

Қазіргі кезде одақтың бірыңғай кедендік тарифі бойынша аталмыш санаттағы көліктерді одақ елдеріне кіргізу үшін темір тұлпар бағасының 15%-ына тең алым төлеуге тиіс.

Комиссия ұсынысты 31 қазанға дейін қарастырады. Шешім қабылданса, нөлдік алым 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды болады.

Беларусь тарапы бұл шешімнің электрокөлік нарығы мен оларға қызмет көрсетуші инфрақұрылымның қалыптасуына ықпал етеді деп есептейді.

Айта кетсек, 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында қазақстандықтар Ресейден жалпы құны 539 мың доллар M1 және M1G санатты 11 электрокөлік сатып алған.  Ал АҚШ-тан  649,2 мың долларға – 10, Қытайдан 3,1 мың долларға – 1, Нидерландыдан 161,5 мың долларға 1 электрокөлік импортталған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу