Беларусь елі Шанхай ынтымақтастық ұйымына қосылды

234

Бүгін Астанадағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитінде Беларусь ресми түрде  ұйымға мүше ретінде қабылданды. 

Беларусь елі Шанхай ынтымақтастық ұйымына қосылды Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қысқа уақыт ішінде Беларусь Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіру үшін барлық қажетті жұмыстарды атқарды, сондықтан бүгін Беларусь Республикасы ШЫҰ мүшесі мәртебесін алды, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының төрағалығымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті басталды. Ұйымға мүше елдердің отырысы бұған дейін мүшелікке өтінім берген Беларусьті қатарға қабылдаудан басталды. 

"Бүгін Беларусь Республикасы ресми түрде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қабылданды. Александр Григорьевич, сізді шын жүректен құттықтаймын!" – деді Қазақстан Президенті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қысқа уақыт ішінде Беларусь Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіру үшін барлық қажетті жұмыстарды атқарды, сондықтан бүгін Беларусь Республикасы ШЫҰ мүшесі мәртебесін алды.

Жалпы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы барысында Астана декларациясы, 20 шешім, Мемлекет басшыларының 3 өтініші, оның ішінде "әділ бейбітшілік, келісім және даму үшін әлемдік бірлік туралы", "ШЫҰ-ны жетілдіру туралы" бастамасы қабылданады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу